Құқық кабинеті

Құқық кабинеті

Құрметті Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округінің тұрғындары!

Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппаратында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілермен танысуына арналған ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар «Құқық кабинеті» және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.

«Құқық кабинеті» және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда: «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZanKomegi» жүйесі, «Тараптар кабинеті», сондай-ақ халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетуге қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

Құрметті Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округінің тұрғындары! Егер сізде құқықтық мәселелер туындаса, төмендегі мекенжайда орналасқан «Құқық кабинетінің» қызметін пайдалана аласыз:

Мекенжайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Жаныспай ауылы, Ленин көшесі, 15.

«Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Байланыс телефоны: 8 (71647) 29-6-21.

Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.