24 сәуірде Свободный ауылында азаматтар жиыны өтті, онда ауыл өміріне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде келесі тақырыптар көтерілді:
✔️Ірі қара малды (ІҚМ)жаюды ұйымдастыру;
✔️Аумақты абаттандыру және ауылды санитарлық тазарту;
✔️Көктемгі-жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
✔️Интернет-алаяқтық жағдайларының алдын алу;
Жиын қорытындысы бойынша ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мал жаюды ретке келтіруге, сондай-ақ Интернет желісіндегі алаяқтық әрекеттерден қорғау тәсілдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған шешімдер қабылданды.