“Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асырылған 12 ай ішінде БЖЗҚ жас отандастарымызға 6,30 миллион АҚШ долларын аударды
📆 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
“Ұлттық қор - балаларға” бағдарламасы іске қосылған 12 ай ішінде “БЖЗҚ” АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 6,30 млн АҚШ долларына 62 697 өтініш орындады
📌Оның ішінде:
🏡 Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – 3,63 млн астам АҚШ долларына 36 119 өтініш
🎓 Білім алу ақысын төлеу үшін – шамамен 2,67 млн АҚШ долларына 26 578 өтініш орындалды.
Нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.
🏡Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша қаржы мынадай мақсатта пайдаланылды: ✅ Тұрғын үй құрылыс жинақтарындағы салымды толықтыру – шамамен 3,53 млн АҚШ долларына 35 113 өтініш
✅Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 30,27 мың АҚШ долларына 304 өтініш
✅Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – шамамен 29,60 мың АҚШ долларына 295 өтініш
🎓Білім алу ақысын төлеу бойынша қаржы мынадай мақсатта пайдаланылды:
📌Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу – 2,25 млн АҚШ долларына 22 435 өтініш 📌 Білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру – 314,86 мыңға жуық АҚШ долларына 3 133 өтініш
📌 Шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу – 88,47 мың АҚШ долларына 880 өтініш
📢 Естеріңізге сала кетейік, биыл еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға екінші рет Қазақстан Ұлттық қорынан қаражат есептелді.
📊 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша “Ұлттық қор - балаларға” бағдарламасына қатысушылар саны – 6 921 035 бала.
👶Оның ішінде 2025 жылы 18 жасқа толатындар – 324 430 қатысушы.
💰2024 жылы барлық балаларға бірдей сома есептеліп, оның бір балаға шаққандағы мөлшері – 129 АҚШ доллары 38 цент.
📊Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың саны, сондай-ақ, нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі статистикамен 🔹enpf.kz сайтында танысуға болады.
🔹 kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
📺«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты You tube-арнамыздан көре аласыз.