Московский ауылы әкімінің 1 наурыз-Алғыс айту күнімен құттықтауы!

Московский ауылы әкімінің 1 наурыз-Алғыс айту күнімен құттықтауы!

Құрметті ауыл тұрғындары!

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бүгінгі күн әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін ризашылығын білдіретін күн.

Бақытты болашақ - сіз бен біздің жұдырықтай жұмылып атқарар жемісті іс-шараларымызды қажет етері сөзсіз. Баршаңызды осы жолда аянбай еңбек етуге шақырамын.

Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын бүгінгі мереке құтты болсын!

Еліміздің біртектілігі мен бірлігі нығая берсін!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, бақыт тілеймін!

 

Московский ауылының әкімі   Е.Петричко