Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері күшіне енеді, бұл процесті мұқтаж азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді етеді.
АӘК есептеу кезінде өтініш берген айдың алдындағы тоқсандағы отбасы табысының барлық түрлері ескеріледі. Бұл жалақы, әлеуметтік төлемдер, алимент және басқа да кірістер болуы мүмкін.
АӘК сомасы ағымдағы тоқсанға тағайындалады және Красногорский кентінің әкімдігінің жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындылары негізінде ай сайын төленеді.
2025 жылдан бастап бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға АӘК тағайындалған сомасына қосылатын 5 898 теңге (1,5 АЕК) мөлшерінде қосымша төлем енгізіледі. Сонымен қатар, 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық аумағын қамтитын пилоттық жоба іске қосылуда.
Жоба аясында азаматтар өздерінің банктік шоттары туралы деректерді ашық бағдарламалық интерфейстерді (open API) пайдалана отырып, банкаралық ақпарат алмасу жүйесі арқылы жібере алады. Бұл көмек тағайындау процесін жылдамдатады.