
Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтаймыз!
Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты – елдегі өнегелі некені насихаттау және руханиятты нығайту. Отбасында жеке тұлғаның ішкі жан дүниесі, мінез-құлқы, қызығушылықтары қалыптасады, Отанға деген сүйіспеншілік, еңбексүйгіштік, үлкенді құрметтеуге тәрбиеленеді. Өзара сүйіспеншілікке, бір-біріне деген жауапкершілік пен адалдыққа құрылған отбасы әрқашан қоғамның негізі, рухани-адамгершілік құндылықтардың, мәдени және ұлттық дәстүрлердің сақтаушысы болған және болып қала береді.
Барша қазақстандықтарға денсаулық, бақыт, махаббат, жылулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!