«Үздік абаттандырылған аула» байқауы

«Үздік абаттандырылған аула» байқауы

Красивинский ауылдық округі әкімі аппараты көктемгі абаттандыру айлығы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Үздік абаттандырылған аула» байқауын өткізді. Байқау елді мекеннің сыртқы келбетін жақсарту, санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру жұмыстарын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 I орын — Насекина Райса Ивантулиновна
🎁 Сыйлық: шөп шабуға арналған электротриммер

🥈 II орын — Шамиева Надя Ибатуллиновна
🎁 Сыйлық: бұтақ кескіш (сучкорез)

🥉 III орын — Дудченко Наталья Александровна
🎁 Сыйлық: бақшаға арналған суару шлангі

Қалған барлық қатысушылар абаттандыру ісіне белсенді қатысқаны үшін естелік сыйлық — көше шамдарымен марапатталды.

Әкімдік аппараты барлық қатысушыларға белсенділігі, бейжай қарамауы және туған ауылдың тазалығы мен көркеюіне қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді.