Красивинский ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуі

Красивинский ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуі

2025 жылғы 5 қараша күні Красивинский ауылдық округінің әкімі Косиченко Н.С. Ленинское және Красивое ауылдарының тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендерді абаттандыру, жолдардың жағдайы, көше жарықтандыруы, ауызсу мәселесі және жергілікті халықтың мүддесіне қатысты басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.
Осындай кездесулер жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен халық арасындағы кері байланысты нығайту мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.