Есіл қаласының қоғамдық қатысуы бюджетінің атқарылуы жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы

Есіл қаласының қоғамдық қатысуы бюджетінің атқарылуы жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы

2025 жылғы 28 наурызда «Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ-де Есіл қаласының халық қатысуы бюджетін іске асыру мәселесі бойынша Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Есіл қаласы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсына келіп түскен 2 жобалық ұсыныс қаралды. Дауыс беру нәтижелері бойынша қала үшін олардың өзектілігі мен маңыздылығын айқындау мақсатында Есіл қаласының тұрғындарының дауыс беруін өткізу үшін мынадай жобалық ұсыныстарға жол беру туралы шешім қабылданды:

1) 5 800,0 мың теңге сомасына «Есіл қаласының оңтүстік жағындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою»,

2) 4140,0 мың теңге сомаға «Есіл қаласының вокзал маңындағы алаңын жарықтандыру».