Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Есіл қаласы әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген ережесін басшылыққа алады.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: инд.: 020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Д. Қонаев көшесі 15 мекенжайында орналасқан.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Тізілімге сәйкес Есіл қаласы әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу беру;
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
- жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
- жер учаскесін алуға кезекке қою;
- жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту;
2024 жылы атқарушы органмен 611 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 4 жеке тұлға;
- елді мекен шегінде құрылыс объектілерін салу үшін жер учаскесін беру – 56 жеке тұлға, 16 заңды тұлға;
- Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігі жер телімдеріне құқықтарды сатып алу – 11 жеке тұлға, 2 заңды тұлға;
- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы сатып алу - 7 жеке тұлға;
- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 3 жеке тұлға;
- жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 512 жеке тұлға;
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес түсіндіру үшін жүгіну мүмкіндігі бар.
Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген ережелер бар.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында айқындалады. Қағидалардың қолжетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін әкімдік аппаратында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» стендтері ресімделді. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталының жадынамалары орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген. Әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен және шақыру түймесімен жабдықталған, санитарлық торап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып жабдықталған, тактильді жер көрсеткіштері орнатылған.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Есіл қаласы әкімі аппаратының 1-ші қабатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру мақсатында 2024 жылы әлеуметтік желілер арқылы 7 тікелей эфир өткізілді, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы аудандық газетте 1 мақала жарияланды, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттар орналастырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шаралар қабылдайды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2024 жылы Есіл қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттырудан өткен жоқ, өйткені оқыту кестеге сәйкес өтеді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Бақылау іс-шарасы Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №а-12/277 «Қазақстан Республикасының 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылды
Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуін талдау бөлімі бақылау іс-шарасын 2024 жылғы 01 қаңтармен 01 маусым аралығы кезеңіне 2024 жылғы 17-24 маусым аралығында жүргізді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі ұсыныстар берілді:
1) 2024 жылғы 28 маусымға дейін анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін, бекітсін және мемлекетттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі кеңес өткізсін;
2) 2024 жылғы 01 шілдеге дейін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есептерді сәйкес келтірсін;
3) қоңырау шалу түймесін жұмыс күйіне келтіру;
4) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен дерекқорларында қамтылған жеке және заңды тұлғалардан артық құжаттарды, анықтамаларды талап етуге жол бермеуге міндетті.
5) рұқсат құжаттарын тек ЕЛ МДҚ АЖ арқылы беруді жүзеге асырсын, жауапты тұлғаларға мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістерге тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
6)басқа тұлғалардың электрондық –цифрлық қолтаңбаны пайдалануына жол бермеу;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы Есіл қаласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттырудың одан әрі тиімділігінің перспективалары.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:
1)мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
2)Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдайтын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;
3)«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;
4)мемлекеттік қызметтердің ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, аудандық газетте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалалар жариялау;
5)мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру;
6)мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;
7)мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
8)негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;
9)«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Есіл қаласы әкімінің аппараты қызметі туралы 2024 жылға есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар esil@aqmola.gov.kz, по электрондық мекен жайы, 8(71647)20607 телефоны бойынша қабылданады.
2024 жылға
мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері бойынша
қызметі туралы есебіне
қосымша
Есіл қаласы бойынша
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Шағымданушы туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |