
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында алты баланы тәрбиелеп отырған Есіл қаласының тұрғыны Бабак Любовь Михайловна «Күміс алқа» мемлекеттік марапатпен марапатталды.
Бұл марапат балаларды тәрбиелеуге, отбасы ошағын сақтауға және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайтуға арнаған көп балалы аналардың еңбегін ерекше құрметтеу мен мойындау белгісі болып табылады. Ана болу - бұл шыдамдылықты, даналықты, жылулықты және күнделікті қамқорлықты талап ететін орасан зор еңбек.
Марапатты Есіл қаласының әкімі Ғ.Айтмұхамбетов табыс етіп, отбасы институтын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.
Бабак Любовь Михайловнаны еңбек сіңірген марапатпен құттықтаймыз! Шаңырағыңызда әрқашан бақыт, береке, өзара түсіністік пен отбасылық жылулық орнасын!