
Ж.Жабаев көшесіндегі №62 үй тұрғынының өтінішіне хабарлаймыз:
Көрсетілген жол учаскесі бір үйдің жанындағы аумаққа жатпайды, жалпы пайдаланылатын жол болып табылады және ұйымдарға (ТҚП, ӘКҮЗ, желілік полиция бөлімі), гараждарға, контейнерлік алаңдарға кіруді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мамандандырылған техниканың жүруі үшін пайдаланылады.
Баламалы кіре- беріс жолдардың болмауына және кедергісіз өтуді қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты бұл учаскені жабу мүмкін емес, себебі бұл үшінші тұлғалардың құқықтары мен санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын бұзады.
Сонымен қатар, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары көпшілік дауыспен қабылданған жалпы жиналыстың шешімі негізінде қауіпсіздікті, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз аулаларының аумағын ішінара қоршау туралы мәселені қарауға құқылы. Бұл ретте мұндай шаралар төтенше және мамандандырылған қызметтердің жүруі үшін міндетті түрде қолжетімділікті сақтауды қарастыру тиіс.