
Құрметті Есіл қаласының тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 25-26 ақпан аралығында қала аумағында (Оңтүстік, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұхаметханов, Тіыңигершілер көшелері) жоспарлы қар тазалау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және жұмыстың тиімділігін арттыру үшін Сізден: ғимараттар мен аулалардың айналасындағы аумақтарды қардан тазалауды ұйымдастыруды; қардың тиеу үшін қолжетімді жерлерде сақталуын қамтамасыз етуді; автокөлік құралдарын жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерде қалдырмаңызды; мүмкіндігінше коммуналдық қызметтерге көмек көрсетуіңізді сұраймыз.
Қарды уақтылы тазалау және шығару су басу маусымында су тасқынының алдын алуға, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рахмет!