
Бұзылық ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Әбжанова Ф.Н. тұрғындар арасында мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері мен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Кездесулер мен түсіндіру іс-шаралары барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалар, «Төрт Түлік» қосымшасын тіркеу және пайдалану тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілуде.
Сонымен қатар, ауылдық округ аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, сенбіліктерге және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да іс-шараларға белсенді қатысу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде