Бұзылық ауылында 7 мамыр мен 9 мамырға арналған концерт өткізу

Бұзылық ауылында 7 мамыр мен 9 мамырға арналған концерт өткізу

2026 жылғы 6 мамырда Бұзылық ауылының ауылдық клубында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Аталған кеште ауыл тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахна төрінде патриоттық әндер шырқалып, соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылды, сондай-ақ ардагерлерге және ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген азаматтарға алғыс пен құрмет сөздері айтылды.
Іс-шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, әр буын өкілдерін біріктіріп, тарихи жадыны сақтау, патриотизм мен халық бірлігінің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.


#7мамыр_отан_қорғаушылар_күні
#9мамыржеңіскүні
#7маяденьзащитникаотечества🇰🇿⭐️👮 #9маяденьпобеды