Меню
Страницы

Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша халыққа арналған ЖАДЫНАМА

Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша халыққа арналған ЖАДЫНАМА

Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша халыққа арналған ЖАДЫНАМА

Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

  • Ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;
  • Су басқан аймақтардағы бұлақ, құдық және ұңғымалардың суын пайдаланбау;
  • Бөтелкедегі ауыз судың қорын жасап, оны қақпағы тығыз жабылған, кеміргіштер жетпейтін ыдыстарда сақтау;
  • Азық-түлік қорын қамтамасыз ету. Су тасқыны суына ұшыраған өнімдерді пайдаланбау. Өнімдердің жарамдылық мерзіміне назар аударып, оларды ылғал мен кеміргіштерден қорғалған жерде сақтау;
  • Шикі түрде тұтынылатын көкөністер мен жемістерді мұқият жуып, кейін қайнаған сумен шаю;
  • Жеке гигиена ережелерін сақтау: тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуеннен кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудың алдында және кейін қолды сабынмен жуу;
  • Жұқпалы ауру белгілері (дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іш өту, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.) пайда болған жағдайда дереу медицина қызметкеріне жүгіну;
  • Медициналық тексерулер кезінде шағымдарды жасырмай, аурудың барлық белгілері туралы медицина қызметкерлеріне дер кезінде хабарлау;
  • Үй маңындағы аумақты қоқыстан тазарту;
  • Кеміргіштерді жою бойынша шаралар ұйымдастыру;
  • Су тасқыны қайтқаннан кейін үй-жайларды дезинфекциялық құралдарды пайдаланып залалсыздандыру.
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты