2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
Санақ екі кезеңнен өтеді: Бірінші кезең 2025 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін Көкшетау, Қосшы, Степногорск, Ерейментау, Степняк, Ақколь, Щучинск, Атбасар, Макинск, Есіл, Державинск қалаларында өтеді.
Ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен жүргізіледі;
- содан кейін санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.
Санақ объектілері жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары; өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар.