Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 15 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 136 мекен-жайы бойынша 2025 жылғы 17 наурыздан бастап 2025 жылғы 09 сәуірді қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың қорытындысы шығарылған күн оның аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2025 жылғы 10 сәуірде сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 121, 2 қабат, мәжіліс залы мекен-жайы.
р/р № |
лот № |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің берілу мақсаты |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) |
Алаңы (га) |
Бонитет балы |
Топырақ сипаттамасының сапасы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы |
1 |
1 |
Бозтал ауылының әкімшілік шекаралары |
ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу |
Барлық алаңы: соның ішінде табиғи жайылым |
757,07
757,07 |
20,4 |
күңгірт-күрең топырақ |
Суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
2 |
2 |
Бозтал ауылының әкімшілік шекаралары |
ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу |
Барлық алаңы: соның ішінде табиғи жайылым |
821,4
821,4 |
20,0 |
күңгірт-күрең топырақ |
Суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
3 |
3 |
Бозтал ауылының әкімшілік шекаралары |
ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу |
Барлық алаңы: соның ішінде табиғи жайылым |
957,7
957,7 |
20,4 |
күңгірт-күрең топырақ |
Суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
4 |
4 |
Бозтал ауылының әкімшілік шекаралары |
ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу |
Барлық алаңы: соның ішінде табиғи жайылым |
754,9
754,9 |
17,4 |
күңгірт-күрең топырақ |
Суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
5 |
5 |
Бозтал ауылының әкімшілік шекаралары |
ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу |
Барлық алаңы: соның ішінде табиғи жайылым |
954,9
954,9 |
12,6 |
күңгірт-күрең топырақ |
Суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
Жалпы аумағы 4245,97 га, соның ішінде 4245,97 га табиғи жайылым |
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі, бұл ретте бұл адамдар тұру фактісін растауға, конкурстық өтінімді толтыру кезінде тұру уақытын көрсете отырып, тұрғылықты жерін көрсетуге тиіс.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Ерейментау ауданы әкімдігінің http://ereymen.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе «Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-нің 8 (71633) 2-12-74 телефон нөмірі бойынша алуға болады.