2024 жылдың 8 ақпанында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл толуына орай, Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Мұзтаудың мұзбалағы, поэзия хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында "Қазақстан темір жол ұлттық компаниясы" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалы "Ерейментау жол дистанциясындағы тыңдаушылармен "Ақиық ақын- Мұқағали" атты әдеби кеш өтті.Әдеби кештің барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып,өлеңдерінен үзінді оқылды.Кештің соңында тыңдаушылар ақынның өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерді шырқады.Белсене қатысқан тыңдаушылар мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды.