Ерейментау ауданында 2023 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде жеңілдетілген арзандатылған жанар-жағармай жеткізу бойынша операторды таңдауды анықтау мақсатында тендер жарияланды

Ерейментау ауданында 2023 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде жеңілдетілген арзандатылған жанар-жағармай жеткізу бойынша операторды таңдауды анықтау мақсатында тендер жарияланды

Хабарландыру!

Ерейментау ауданында 2023 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде жеңілдетілген арзандатылған жанар-жағармай жеткізу бойынша операторды таңдауды анықтау мақсатында тендер жарияланды. Құжаттар топтамасын ағымдағы жылдың 31 қаңтарға дейін Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасына ermentausho@bk.ru электронды поштасына арнайы немесе электронды пошта арқылы тапсыруыңызды сұраймыз. Бөлім мекенжайы: Ерейментау қ. Мұсабаева д.9, анықтама үшін телефон 8(71633)5-00-04, 2-23-41.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) бюджетке берешегінің жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама;

2) мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқтығы туралы анықтама;

3) мүлікке ауыртпалықтың жоқтығы туралы анықтама;

4) оператордың банктік шотынан ақша қаражатының бар-жоғы туралы үзінді көшірме немесе бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алуға жеткілікті сомада несие желісін ашу туралы ниет хаты;

5) мұнай өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған резервуар парктерінің меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде болуы;

6) қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде жанармай таситын автокөліктердің болуы;

7) жанармай құю станцияларының болуы және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын талондық жүйе бойынша өткізу туралы келісім;

8) әлеуетті оператор күн сайын жұмыс органына әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші контекстінде дизель отынының сынамаларын іріктеу туралы ақпаратты беруге міндетті;

9) дала жұмыстары кезінде демалыс және мереке күндері дизель отынын шығаруға келісім хат беру.