Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2022 жылғы 13 мамырда сағат 15.00-де аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаевтың Ерейментау ауданының халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін 2022 жылғы 13 мамырда сағат 16.30-да аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Ақмола облысы әкімінің аппараты