конкурстардың өткізілмейтіні туралы хабарлайды:

конкурстардың өткізілмейтіні туралы хабарлайды:

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі «Ерейментау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Ерейментау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қосылуы жолымен қайта ұйымдастырылуына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің 2022 жылғы 10 ақпандағы № 19-1-18/2593 хатына байланысты келесі конкурстардың өткізілмейтіні туралы хабарлайды:

Аудандық «Ерейментау Ақпарат» газетінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы 2 (101) нөмірінде (2 бет) және Ерейментау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында 2022 жылғы 20 қаңтарда жарияланған, шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 15 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсы (Тайбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында – 17 жер учаскесі);

Аудандық «Ерейментау Ақпарат» газетінің 2022 жылғы 03 ақпандағы 4 (103) нөмірінде (3 бет) және Ерейментау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында 2022 жылғы 03 ақпанда жарияланған, шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 15 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсы (Тайбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында – 16 жер учаскесі, Күншалған ауылдық округінің әкімшілік шекараларында – 1 жер учаске);

Аудандық «Ерейментау Ақпарат» газетінің 2022 жылғы 17 ақпандағы 6 (105) нөмірінде (4 бет) және Ерейментау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында 2022 жылғы 17 ақпанда жарияланған, шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 15 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсы (Еркіншілік ауылдық округінің әкімшілік шекараларында – 12 жер учаскесі).

Мәліметті және қосымша ақпаратты «Ерейментау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 87163321274 телефон нөмірі бойынша алуға болады.