НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

Ағымдағыжылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 «Парыз» бизнестін әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқау туралы» Жарлығын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда, Негізгі ерекшелігі елімізде бизнестін әлеуметтік жауапкершілігін, мемлекеттін дамуына және қазақстандықтардың  әл-ауқатын күшейтуге бизнес –құрылымдардың үлесін көпшілікке тарату болып табылады.

 

«Парыз» байқауы келесі санатта өткізілетін болады: шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі, ірі кәсіпкерлік субьектісі, сонымен бірге төрт номинациядан:

 

     1)"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

    2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

      Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

 3) "Үздік ұжымдық шарт".

      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

  4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".

      Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

 

Құрметті кәсіпорындар басшылары, Сіздерді «Парыз» байқауына қатысуға шақырамыз.

«Парыз» байқауына қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 1 шілдесіне  дейін «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұсынуды сұраймыз.

Анықтамалар бойынша  Кұнанбаев көшесі 103, «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады, тел. 21898.