
🔹
🔹 Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов Олжабай батыр атындағы ауылдық округ тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында округ әкімі Ақылбек Оразов 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы міндеттерді баяндады. Бүгінде округке қарасты Алғабас, Ынтымақ және Олжабай батыр ауылдарында 1200-ден астам халық тұрады. Ауыл шаруашылығы негізгі сала болып қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп келеді, ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде.
Округте кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Егіс алқаптары ұлғайып, ірі шаруашылықтар тұрақты өнім көрсетіп отыр. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес тарапынан ауылды әлеуметтік дамытуға бағытталған нақты қолдау көрсетілуде.
Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Мектеп, балабақша, медицина мекемелері мен мәдениет ошақтары тұрақты жұмыс істеуде. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер қолжетімді әрі сапалы түрде ұсынылуда. Жолдарды күтіп ұстау, санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Сондай-ақ, округте интернет инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық орындарды жақсарту, балалар мен жастарға арналған іс-шараларды көбейту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.
Жалпы, Олжабай батыр атындағы ауылдық округінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда.