
Кезекке тұрып дауыс беруде
Ерейментау ауданы бойынша бүгін 31 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, жаппай дауыс беруге келуде. Көптеген учаскелерде халық көп жиналып, азаматтар кезекке тұрып өз таңдауларын жасауда.
Бұл – аудан тұрғындарының ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділігін көрсетіп отырғанының айқын дәлелі.