
Бүгінгі референдум күні қарсаңында Ерейментау қаласының жәрмеңке алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеге ауданның ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтары мен жергілікті өндірушілер қатысып, тұрғындарға ет, сүт өнімдері, көкөніс, ұн және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынуда. Өнімдер нарықтағы бағадан төмен бағамен сатылып, қала тұрғындарына тиімді мүмкіндік жасалуда.