2026 жылға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

2026 жылға жартылай  стационар жағдайында  арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

2026 жылға жартылай

стационар жағдайында

арнаулы әлеуметтік қызметтер

көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 бұйрығының 4-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35569 болып тіркелген), Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген), 2026 жылға жан басына шаққандағы тарифтің есептеулерін жүргізсін.
  2. 2026 жылға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

                                             Н.Мұқатов

 

 

Қосымша