
Уважаемые жители Ерейментауского района
Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары!
Ақмола облысы мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8С 23-6 және Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № А-11/615 бірлескен шешімі мен қаулысы сәйкес, келесідей өзгеріс енгізілгенін хабарлаймыз:
Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің Жолбасшы ауылы:
- басқа қоныстар санатына жатқызылды,
- есептік деректерден алынып тасталды,
- оның аумағы Ерейментау ауданының Ақмырза ауылдық округінің Ақмырза ауылының құрамына енгізілді.
Құрметпен,
Ерейментау ауданының әкімдігі