2026 жылға арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидасын бекіту туралы» 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген Қағиданың 4-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35569 болып тіркелген), Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген), 2026 жылға жан басына шаққандағы тарифтің есептеулерін жүргізсін.
- 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» 2025 жылғы 02 қыркүйектегі № а-8/192 Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысы жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ерейментау аудан әкімі Н.Мұқатов
Қосымша