Ерейментау ауданындағы "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

Ерейментау ауданындағы "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

Ерейментау ауданында «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат

«Қазпошта» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлескен жоба аясында ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында пошта байланысы бөлімшелері арқылы қызмет көрсетіледі.

«Қазпошта» АҚ – баламалы қызмет көрсету арналары жоқ, шалғай және қолжетімсіз ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметтерді көрсететін бірегей ұйым болып табылады.

Бүгінгі таңда жоба еліміздің 11 облысындағы 200 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін қамтиды, оның ішінде Ақмола облысы да бар.

Ерейментау ауданының ауылдық пошта байланысы бөлімшелері (СОПС) арқылы мемлекеттік қызметтер келесі мекенжайлар бойынша қолжетімді:

Тайбай ауылы, Сарыарқа көшесі, 53

Майлан ауылы, Целинная көшесі, 18

Еркіншілік ауылы, Досмағамбеұлы көшесі, 33

Өлеңті ауылы, Тың көшесі,

Бөлімшелердің жұмыс ұақыты:

Дүйсенбі-жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін

Сенбі, жексенбі-демалыс

Мемлекеттік қызметтердің тізбесі мен қосымша ақпарат алу үшін аудан тұрғындары көрсетілген пошта бөлімшелеріне немесе «Қазпошта» АҚ ресми сайтына жүгінуіне болады.