Ерейментау ауданының әкімі қаланың абаттандыру жұмыстарымен танысты

Ерейментау ауданының әкімі қаланың абаттандыру жұмыстарымен танысты

Ерейментау ауданының әкімі қаланың абаттандыру жұмыстарымен танысты

2025 жылғы шілде айының ортасында Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов Ерейментау қаласындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Іссапар барысында көктемгі су тасқыны қаупі бар аумақтар араланып, алдын алу шараларын уақытылы жүргізу қажеттілігіне назар аударылды. Аудан басшысы қала әкімдігіне нақты тапсырмалар беріп, тиісті жұмыстарды жедел атқару қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар әкім Уәлиханов көшесі, 45 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй ауласында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексерді. Қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше мән берілді.

Нұрлан Мұқатов қаланың орталық саябағын да аралап көріп, саябақты заманауи талаптарға сай жаңғырту – атап айтқанда, жарықтандыру жүйесін орнату, қоршау, көгалдандыру және демалыс аймақтарын абаттандыру қажеттігін атап өтті.

Аудан әкімі Ерейментау қаласының көркейіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жалғаса беретінін жеткізді.