2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді

2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді

2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді, оларға сәйкес тұрғын үйге есеп қою, кезектілікті жүргізу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне («Отбасы банк» АҚ) көшеді. Осы жаңалықтар шеңберінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға ҚР барлық азаматтары үміткер бола алады, егер:

1) бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;

2) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;

3) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде және мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;

4) есепке алуды осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

Есепке қою тұрғылықты мекенжайы бойынша https://orken.otbasybank.kz порталы арқылы жүзеге асады.