Хабарлама
2022 жылғы 27 наурызда мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатқан әкімнің орнына Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.
Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ерейментау ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қойтас ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қойтас сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 195 азамат енгізілді, олардың 185-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, "барлығына қарсы" деген жолда қойылғанбелгі - 4.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Ахметов И.Қ. – 167; Канафин Н.М. – 6; Қоқымбаев Р.Ж.– 4.
Қойтас ауылдық округінің әкімі болып "AMANAT" партиясынан ұсынылған Ахметов Имаш Қабидоллашұлы сайланды 28.05.1975 жылы туған, ІІМ зейнеткері, Ерейментау ауданының Ерейментау қаласында тұрады.
Ерейментау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы