Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан әкімнің орнына Қойтас ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

25.02.2022 жылғы №7/63

 

Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан әкімнің орнына Қойтас ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 және 113-1-баптарына сәйкес Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 27 наурызға мерзімінен бұрын тоқтатылған әкімнің орнына Қойтас ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалсын.
  2. 2022 жылғы 27 наурызға тағайындалған Қойтас ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Ерейментау аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық "Ерейментау ақпарат"газетінде жариялансын.

 

 

Ерейментау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрайымы                                                              З.Жүсіпова                                                         

 

Ерейментау сайлау

комиссиясының хатшысы                                                З.Ербатырова

Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан әкімнің орнына Қойтас ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
25 февраля 2022