Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45 бабына, 46 - баптың 3 тармағына, 113-11 бабының 1 тармағына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы шешімімен 2026 жылғы 14 маусымда өткен сайлау қорытындысы бойынша:
Ибатов Жандос Сабыржанұлы Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының әкімі болып тіркелді.
Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы З.Жүсіпова әкім куәлігін табыс етті.