Хабарлама

Хабарлама

2026 жылғы 14 маусымда Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкімін сайлауы өтті.

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының Ақсуат ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Ақсуат сайлау округі  бойынша

Ақсуат ауылы әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 281 азамат енгізілді, оның ішінде 162 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Ершова М.Л. – 4; Ибатов Ж.С. – 129; Исенова Қ.Б. – 17.

Ақсуат ауылы әкімі болып Ибатов Жандос Сабыржанұлы сайланды, 1996 жылы туған, «Ақсуат ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақсуат ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. 

 

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

Хабарлама
Дата публикации
15 июня 2026