Құрметті Өлеңті ауылдық округінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 03.03.2022 №826 Жарлығын іске асыру мақсатында және бекітілген кестеге сәйкес, 2025 жылғы 30 сәуір күні сағат 12:00-де ауылдық клуб ғимаратында Өлеңті ауылдық округінің әкімі Мұстафин А.Ж. және Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Н.З. тұрғындармен кездесу өткізеді. Кездесу тақырыбы: «2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары». Сонымен қатар аудан әкімімен жеке қабылдау ұйымдастырылады.