Өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Ағымдағы жылдың 10-шілдесінде Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мукатовтың, Ақмола облысы ТЖД "ӨСЖАҚЖ" РММ бастығының орынбасары а/қ полковнигі Д.К.Смаиловтың қатысуымен ауылымызда өрт сөндіру бекеті ашылды.
Бұл өрт сөндіру бекеті Ерейментау ауданы бойынша төртінші өрт сөндіру бекеті. Өрт сөндіру бекетінің негізгі қызметі Сілеті ауылы мен Бестоғай ауылдық округінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни өрт болған жағдайда нысанға жедел жетіп, өрттің жануының бастапқы сатысында-ақ сөндіру және өрттен болатын залалдарды азайту.
Құрметті тұрғындар мен қонақтар! Ерейментау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі сізді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және назардан тыс қалдырмауға шақырады, төтенше жағдай туралы сіз 101 және 112 құтқару қызметінің шұғыл желісіне хабарлай аласыз!

https://www.instagram.com/reel/C9SeoILthHJ/?igsh=cGR4amc5dTlidWI4