Объявление о проведении конкурса

Объявление о проведении конкурса

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 15 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді (әрі қарай – Конкурс).

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы Конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 115 мекен-жайы бойынша 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 05 қазанды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың қорытындысы шығарылған күн оның аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 06 қазан сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 121, 2 қабат, мәжіліс залы мекен-жайы.

 

р/р

лот №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің берілу мақсаты

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері)

Алаңы (га)

Бонитет балы

Топырақ сипаттамасының сапасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

1

1

Қойтас ауылдық округінің әкімшілік шекаралары

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Барлық алаңы:

соның ішінде

табиғи жайылым

түбегейлі жақсартылған жайылым

24223,4111

 

20918,7079

3304,7032

 

12,7

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

2

2

Сілеті ауылының әкімшілік шекаралары

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Барлық алаңы:

соның ішінде

егістік

табиғи жайылым

түбегейлі жақсартылған жайылым

3881,2536

 

3723,9252

28,4599

128,8685

 

14,58

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы

Жалпы аумағы 28104,6647 га, соның ішінде 3723,9252 га егістік, 20947,1678 га жайылым, 3433,5717 га түбегейлі жақсартылған жайылым

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысуға өтінімде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуға тиіс. Өтінімде заңды тұлға құрамында шетелдік қатысудың болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсету қажет.

Конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Ерейментау ауданы әкімдігінің http://ereymen.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе «Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-нің 8 (71633) 2-12-74 телефон нөмірі бойынша алуға болады.