
Олжабай батыр ауылында Балаларды қорғау күніне орай мектеп, ауылдық клуб және әкімдік аппараты бірлесіп балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында спорттық ойындар мен қызықты сайыстар өткізілді. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Аталған іс-шараны өткізуге жеке кәсіпкерлер «Зейнегуль», «Камышев», «Олжа», «Амангелді» демеушілік көмек көрсетті.