
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Ақмола облысы Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің азаматтар құқықтық сұрақтар туындаған кезде, Сіздер Олжабай батыр ауылы Алаш орда көшесі, 15 мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.
Жұмыс уақыты: 09:00-18:30; түскі үзіліс: 13:00-14:30.