
2025 жылғы 17 қазан күні Олжабай батыр атындағы ауылдық округінде Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, арнайы дастархан жайылып, мерекелік түскі ас берілді.
Шараны өткізуге демеушілік көмек көрсеткен азаматтарға және ұйымдарға үлкен алғыс білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз бен игі істеріңіз қарттарға қуаныш пен жылы көңіл сыйлады.