30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Олжабай батыр ауылдық модельдік кітапханасының ұйымдастыруымен «Конституция — бейбітшілік пен келісім кепілі» деген тақырыпта плакаттар көрмесі өтті. Шара барысында суретшілер суретті сөйлетсе, кішкентай өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Отансүйгіштік, ұлтжандылық әрбір қазақстандықтың бойына қалыптасса, ел іргесі берік, бейбітшілік мәңгілік болмақ. #конституцияға30жыл