2025 жылдың 18 наурыз күні Майлан ауылдық клубының Viktoria dance studia бишілері Стамбул қаласында (Түркия) өткен "Alash Star" халықаралық байқауына қатысып, елге үлкен жеңіспен оралды.
Бахаева Дамира – I орын
Наливайко Дарина – I орын
Әдебиет Айша – II орын
Жас өнерпаздарды үлкен додаға кәсіби деңгейде дайындаған – тәжірибелі маман Фомина Александра Валерьевна.
Олардың бұл жетістіктері ескерусіз қалмай, Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов өнерпаздар мен жетекшіні арнайы алғыс хаттармен марапаттап, жылы лебізін білдірді.