Ақмола облысы Ерейментау ауданының Новомарковка ауылын қайта атау туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № А-7/262 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 8С-3-17 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 шілдедегі № 8593-03 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, "Ақмола облысы Ерейментау ауданының Новомарковка ауылын қайта атау туралы ұсынысты Ақмола облысы әкімдігінің және Ақмола облыстық мәслихатының қарауына ұсыну туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № а-8/249 бірлескен қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 7С-30/3-22 шешімінің негізінде және Ерейментау ауданының Новомарковка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ: