
Құқық кабинетінің жұмысын реттейтін
НҰСҚАУЛЫҚ
Құқық кабинеті – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң
көмегін) ала алатын орын.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ге дейін
Құқық кабинеті мынадай нысаналы міндеттерді шешуге бағытталған:
• ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын
арттыру;
• ауыл тұрғындарын әртүрлі бағыттарда өздерінің заңды
құқықтарын қорғаудың және қорғаудың құқықтық құралдары
туралы хабардар ету;
• ҚР заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеру.
Құқық кабинеті келесі талаптарға сай болуы керек:
• кабинет құқықтық ақпарат алу үшін ыңғайлы болуы тиіс;
• қажетті компьютерлік техникамен (принтер, телефон, веб
камера) және «Әділет» АҚЖ, Нормативтік құқықтық актілердің
эталондық бақылау банкіне, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл
жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне
қолжетімділігі
бар
бағдарламалық қамтамасыз етумен
жабдықтануы тиіс (eotinish.kz, egov.kz, «Ашық НҚА» порталы
және т. б.);
• келушілерді және өтініштерді тіркеу журналы болуы керек;
• мемлекеттік қызметтер саласында базалық білімі бар заңнамада
және көрсетілген ақпараттық жүйелерде жұмыс жасай алатын
маман болуы тиіс;
• Әділет органдары қызметкерлері айына кемінде бір рет
консультациялық іс-шара өткізуі көзделу керек.
Құқық кабинетін жабдықтандыру кезінде компьютерлік техника
ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне сәйкес
келетін Интернет желісіне қосылуы тиіс екенін ескеру қажет.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша сұрақтар туындаған
жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аумақтық әділет органының
құқық түсіндіру бөлімінің қызметкеріне (құқық кабинетінде
көрсетілетін АӘО деректемелері) не 1414 байланыс орталығына
қоңырау шала алады, қажет болған жағдайда заң консультанттары
палаталарының өкілдері, адвокаттар алқасының өкілдері тартылады.
* АӘО қызметкерлерінің байланыс нөмерлері осы нұсқаулықта
көрсетілуі тиіс