Құқық кабинеті

Құқық кабинеті

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес «Майлан ауыл әкімінің аппараты» ММ - сінде «EGOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды.

Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «ҚР ЭББ» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.