НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ӨРТ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ КЕЗЕҢ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ӨРТ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ КЕЗЕҢ

Құрметті тұрғындар!

Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Өрттің алдын алу үшін:

орманда, далада және құрғақ шөптің жанында от жақпаңыз;

қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеңіз;

сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңкені тастамаңыз;

балаларды от көздерінің жанында қараусыз қалдырмаңыз;

пештер мен электр құралдарын пайдалану ережелерін сақтаңыз.

Өртті байқасаңыз:

дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз;

айналаңыздағы адамдарды ескертіңіз;

өз өміріңізді қауіпке тікпеңіз;

қажет болған жағдайда қарттарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті. Табиғатты және адамдардың өмірін бірге қорғайық!