🎈 1 маусым – Балаларды қорғау күні!

🎈 1 маусым – Балаларды қорғау күні!

 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай округта мектеп алаңында мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында балалар үшін қызықты спорттық сайыстар мен көңілді ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балғындар өз өнерлері мен ептіліктерін көрсетіп, мерекені ерекше әсермен өткізді. Ата-аналардың демеушілігімен сыйлықтар, түскі ас берілді.

Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Барша бүлдіршіндерге шаттыққа толы балалық шақ, мықты денсаулық және бақытты өмір тілейміз!