Қазақстандағы ауыл шаруашылығы санағы офлайн форматқа көшті

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы санағы офлайн форматқа көшті

Құрметті округ тұрғындары!

          Ауылшаруашылық санағының екінші кезеңі 20 қыркүйекте офлайн форматта басталып, 20 қазанға дейін жалғасады. Интервьюерлер еліміздің барлық елді мекендерінде үй аралайтын болады. Барлығы 1,2 млн үй шаруашылығына сауалнама жүргізу жоспарлануда, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

        Алынған мәліметтер сала туралы деректерді өзектендіруге көмектеседі және ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде шешімдер қабылдау үшін негіз болады. Ауыл шаруашылығы санағы Қазақстанда екінші рет өткізілуде. Оның мақсаты-аграрлық саланың жай-күйі туралы, әсіресе ауылдар, кенттер және ауылдық округтер деңгейінде толық түсінік алу. Санақ парағы мал мен құстың болуына, Жер ресурстарын пайдалануға, көкөніс бақшасын жүргізуге, тыңайтқыштарды қолдануға және т.б. қатысты 22 сұрақтан тұрады.